Америкалық матчмейкер Қанат Исламға әлем чемпионымен кездесу өткізуді ұсынды

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық матчмейкер Райнэло Нельсон Лопес, боксшымыз Қанат Исламға, IBF белбеуінің иегері америкалық Джарретт Хердпен жекпе-жек өткізуді ұсынды.

Лопес өз сөзінде Қанат Исламның командасын, бірінші орта салмақтағы IBF чемпиондық белбеуіне бәсекелесу үшін келіссөзге шақырды.

Қанат қазіргі уақытта IBF рейтингінде өз салмағында үшінші орында тұр.
Былтыр WBA тұжырымы Қанат Ислам мен Джон Вера арасындағы кездесуді ұйымдастыру үшін, қос боксшының командасына 21 желтоқсанға дейін уақыт берген еді. Әзірге, келіссөздің нәтижесі жайлы еш ресми мәлімет жоқ. Бірақ, кей дереккөздің айтуынша, қазақстандық боксшы бұл кездесуден бас тартқан.