Рэпер Моттың жанұясындағы сәбидің үні! Жұбайы Мария оған ұл сыйлады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ресейлік рэп орындаушысы Мот өзінің 27 жасында әке атанды. Оған сүйікті жұбайы Мария, шекесі торсықтай ұл сыйлаған. Дүниеге келген тұңғыштарының қуанышына, өнер иесінің тыңдармандары да ортақтасып жатыр. 

Мот пен Марияның үйлену тойы 2017 жылдың сәуір айында дүркіреп өткен болатын. Бұл жұп осыдан екі жыл бұрын әлеуметтік желі арқылы танысқан екен. Жас жанұяның енді қатары толығып, рэп орындаушысының ізбасар ұлы дүние есігін ашты. Мот өзінің «Когда исчезнет слово» әнінің бейнебаянына аяғы ауыр Марияны көрсеткен болатын.

Атақты «Игра престолов» телехикаясындағы Санса Старк рөлімен танылған Софи Тернер, былтыр күзде Джо Джонаспен неке қидырған еді. 21 жасар актриса өзінің шаңырақ көтеру тойында «қыз жолдас» болатын құрбысын да таңдап қойған. Бұл мәртебе, Арья Старк образымен белгілі - Мэйси Уильямсқа бұйырмақ. «Игра престолов» туындысының соңғы маусымы 2019 жылы шығатындықтан, екі жас тойға әлі асықпайтындарын жеткізген! 

Ең көрікті қылмыскер - Джереми Микс пен Хлоя Гринді бүгінде жұрт дәмханада, сауда үйінде, жағажайда бірге жиі көреді. Енді Джереми сері Хлояның анасы Тина Гринмен Парижде бой көрсетті. Үшеуі де француз астанасында өтіп жатқан ерлердің сән апталығына келген. Баспасөз өкілдері

Микстің «келешек енесімен» қарым-қатынасын жақсыға жорып отыр.