Ақша бермесең, аккаунт жоқ! Дидар Кәденді бопсалап жүрген кім?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы кездері Дидар Кәденді ғаламтор арқылы бопсалап, ақша сұрайтын бейтаныс адамдар пайда болыпты. Әншінің инста парақшасын бұзып, қаржы талап еткен хакерлер кім?! Анық-қанығын біз біліп көрдік.

Дидар Кәден, әнші:

- Біздің теңгенің бағамымен есептеген кезде, 150 мың теңге парақшаңызды қайтып алу деп тұр. Енді былай қарап тұрсаңыз, менде 150 мыңдай оқырман болды. Әр оқырманды, бір теңгеден есептеп тұр ғой сонда. Бере салайын десең, парақшаң қайтып келеді, келмейді  ме, ақшаң босқа ауаға кетеді ме деген оймен тұрдық та...

Аккаунтты қайтарудың түрлі жолдарын қарастырғанымен, әншінің қара ниетті хакерлерге қауқары жетпегенін айтады. Мұндай жағдай жуырда продюсер  Алтынбек Рахметовтің де басынан өткен болатын. 

Алтынбек Рахметов, продюсер:

Хат келді отыз мың рубль төлесеңіз, біз сізге қайтарып береміз деп. Бірақ, мен ұрлық жасаған адамдардың ұрлығын қолдағым келмеді.

Айтпақшы өткен жылдың соңында Сәкен Майғазиевте 2 миллионға жуық оқырманынан айырылып қала жаздаған. Бірақ, музарттық әнші дер кезінде қарақшылардың қулығын құрықтай білген.   

Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:

-Басқа біреу менің атымнан парольді ауыстырып, «Қош келдіңіздер, мен Сәкен Майғазиевпін, құшақтадым» деп мен қолданатын сөздерді пайдаланып, сондай қулыққа барып үлгеріпті.

Аккаунтынан айырылған Дидар бүгінде жаңа парақшасын ашты. Ал, әбігерге салған әлеуметтік желі жұлдыздар үшін несімен құнды?

Дидар Кәден,әнші:

- Қанша жыл мен жинаған суреттер бар. Тарих бар кәдімгідей, естеліктер бар. Егер өз парақшам қайтып келіп жатса, мен үшін үлкен қуаныш болады.  

Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:

-Суреттерімді инстаграмда сақталады ғой деп, көбісін өшіріп тастаған болатынмын. Сол тараптан ғана қиналдым. Әйтпесе, мені құрметтейтін оқырман, қай кезде де тауып алады деп ойлаймын.