Дастан Оразбеков «91» тобын сынаған әріптестерін сабырға шақырды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Кезінде «91» тобы шаштарын түрлі түске бояп, сырға таққанда сынағандардың санында шек болмаған еді. Бүгінде, отандық шоу-бизнес өкілдері арасындағы, өзара пікірталасқа нүкте қойылғандай. Себебін кью-поп субмәдениетін насихаттушы өнерпаздар былай деп түсіндіреді...

 Есболат Беделхан, продюсер:

-Қуантатын жағдай. Біз, Ерболат екеуіміз алдында «кью-поп» деген Қазақстанда жаңа жоба деп, жаңа система деп сұхбат беріп жүрген кезде айтатынбыз. Қазақстанда бірнеше топтар, бірнеше өнер жұлдыздары болса, неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы деп айтатынбыз. Қазір сол жүзеге асып келе жатыр.

Иә, «91-дің» тұсауы кесілген сәттен-ақ, кью-попқа аңсары ауған музыкалық ұжымдардың саны күрт артты. Соңғы екі жылда отандық-шоу бизнеске қадам басқан жобалардың тізімін Блэк Дайл, Ньютон, Мунлайт, Мэдмэн, Кристалз сынды топтар толықтырса, аталмыш жанрда жеке әнші ретінде Зируза есімді ару да қатарға қосылған-ды! 

Есболат Беделхан, продюсер:

- Ерболат өзі бастады, мен қостадым. Және де басқа продюсерлік орталықтар, жаңадан шыққан орталықтар, бұрынғы әншілер өздерінің топтарын құрып, жеке әншілерді жинап «кью-поп» бағыты деп ұсынып жатыр. Оған өте қуаныштымын.

Алайда, эстрадаға дүмпу әкелген кью-поп субмәдениетінің өкілдері үшін бұл жанрды қалыптастыру оңай болған жоқ! Қазақ өнерінің өкілдері тарапынан кереғар пікірлердің санында шек болмады. Бірақ, шаш бояп, сырға таққандарға сын айтқандар сабыр сақтаса дейді Дастан Оразбеков.

 Дастан Оразбеков, әнші:

- Кью-поп көбейіп бара жатыр, менің өнерім кеміп бара жатыр деп ойлап жүрсең, онда сен кеміп қаласың. Қайсымыз болмасақ та, бәріміз қысық көздерміз ғой. Сондықтан да, бір-бірімізге жақын болайық. Ол да ағым, оны да көре жатармыз. Оны да сезінерміз, одан да өтерміз. Басқа да бағыт келуі мүмкін. Лайым музыка тірі болсын.