Төреғали тағы бүлдірді?! Ұлы дала баласы ерсі қылығы үшін елден кешірім сұрауда! Ал, атышулы әншіге аға буынның айтар ақылы бар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Павлодардағы өткен ән кешінде, егде жастағы адамды жекпе-жекке шақырып, халықты дүр сілкіндірген Төреғали, осы ерсі қылығы үшін тағы бір мәрте жұрттан кешірім сұрады. Бұл оқиға ақындар айтысында болған!

- Бұлттан биік болсам да, ұлттан биік емеспін, ағайын!

Кем-кетігім болса ерекелігім деп, шалалығым болса балалығым деп қабылдарсыздар. Мен сіздерді жақсы көремін! Кешірім сұраймын. Кешіріп қойған сияқтысыздар...

Ұлттық өнерімізді ұлықтайтын ақындар айтысында ән салған Төреғали, Керекуде өткен концерттегі келеңсіздік үшін, тыңдарманнан тағы бір мәрте кешірім сұрады. Ал, халық алдында қауқарсыз екенін ұққан Ұлы дала баласына, өнердегі аға буын ақыл-кеңесін аяп жатқан жоқ.   

Мұқасан Шахзадаев,  әнші:

- Мақтағанға ары қарай мені мақтап жатыр, мен мақтануға тұрарлықпен деп бетіңмен кетуге тағы болмайды. Себебі, бетіңмен кеткен күнде де, халық бәрібір орыныңа қояды.

Тоқтар Серіков, әнші:

- Атақты ұстап тұру үшін имандылық, парасаттылық, біліміділік, мықтылық та барлығы қажет. Соның барлығы бірлескен кезде ғана, атақ өз орынында қалады. Егер де, соның біреуі кем болатын болса, атақ жерге еңбектеп барып құлайды.

Кезінде Тоқтар мен Мейрамбек те 25 жасты жалындатып атап өткен. Тіпті, дәл бүгінгі Төреғали сияқты, Қоразбаевтың қос шәкірті де халықтың қошеметінен кенде болған емес. «Сол сәтте атағымыз аспандап тұрса да, қарапайым қарашаға деген құрметімізге сызат түсірмедік» - дейді Серіков. 

Тоқтар Серіков,  әнші:

-Жеке басым сақтанатын нәрсем елдің сөзіне қалмау. Бір жерде өзімнің осал түсымды көрсетіп қоймау. Шамам жеткенше тырысып бағып, жаным күйзеліске ұшырап тұрсамда жымиып күлу. Жасандылық емес, халықтың көңілін қалдырмауға тырысамын.