Қайрат Ахметов «ONE FC» чемпионы деген атағын қайтарып алуға қауқарлы ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Танымал қазақстандық аралас жекпе-жек өкілі Қайрат Ахметов болса, филлипиндік Джехе Эустакиоға қарсы айқас өткізбек. Сегізбұрыштағы бұл кездесуде «ONE FC»-дің уақытша чемпиондық белбеуі бәске тігіледі. Кімнің бағы шауып, кімнің бабы келісіп жеңіске жетпек?! Серік Ноянбайұлы тарқатады...

Қайрат Ахметов 26-шы қаңтар күні, Филлипин елінде Джехе Эустакиомен  айқасқа түседі. Жеңіске жеткені ONE FC-дің уақытша чемпионы атанбақ.

Қайрат Ахметов, «ONE FC» тұжырымының экс-чемпионы:

– Соңғы жекпе-жегім, мынау филлипиндік палуанмен, тактика жағым дұрыс болды деп ойлауға болады. Ол өте қатал боец, ударник. Өзімнің бабымда тактикам өтті..  Жоспар болашақта, Адреано Мораеспен төбелесіп, белбеуімді алу артқа.

Қайрат 2017 жылдың қыркүйегінде, бұл азулы филлипиндік спортшыны ұпай санымен ұтқан. Қарымта жекпе-жекте тағы жеңсе, Ахметов үшін Адреано Мораестен чемпиондық белбеуді қайтару мүмкіндігі тумақ.

Қос кәсіпқой боксшымыз Мадияр Әшекеев пен Мейірім Нұрсұлтанов, 3-наурызда, атақты Madison Square Garden аренасында кезекті жекпе-жектерін өткізеді.

Аса ауыр салмақта  жұдырықтасатын, 27 жастағы кәсіпқой боксшымыз Иван Дычко, өзінің келесі кездесуін 17 наурызда Багам аралдарында өткізбек. Рио олимпиадасының жүлдегерінің қарсыласы әзірге белгісіз.

Бұл кеште тағы бір қазақстандық боксшы - 23-жастағы Мұса Тұрсынғалиев те рингке шықпақ. Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін отандасымыз, IBF белбеуінің жастар арасындағы чемпиондық атағына таласады деп күтілуде.