Нью – Йоркте Грэмми жүлдесі табысталды! Жұлдыздар жаппай қызыл кілем салтанатына неге ақ раушан гүлін ала келген?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл наразылықтың жалғасы ма, әлде әдетке айналды ма..? Кім білсін?! Грэммидің қызыл кілем салтанатына да жұлдыздар қара киіммен келген. Басым көпшілігінің қолында, ақ раушан гүлі де бар. Марапаттау рәсімінің ең даулы, әрі қызықты сәті де осында.

Кэти Холмс, Хайди Клум, Майли Сайрус, Кэлли Кларксон, Рита Ора! Бұл қызыл кілемде тотал блэк стилінде бой көрсеткен сылқымдардың бір парасы!Арасында Леди Гага да бар. Оның үстіндегі Armani Prive брендінің қара көйлегі, бұл салтанатта ең сәтті таңдалған образдар көшін бастады! Соңғы уақытта зорлық – зомбылықтан жапа шеккен нәзік жандыларды демеу үшін, олар осы түсті киімді таңдаған! Ал, қолдарындағы бір тал ақ раушан гүлі, ненің нышаны?

Раушан гүлі де дәл осы ауқымды мәселеге көпшілік назарын аудартудың тағы бір жолы екен!

Сұлулар стилінде бірізділік байқалса, ерлер жағы барынша көптің бірі болып қалмауға тырысқан. Мәселен, Джейдан Смит, Сэм Смит, Элтон Джондар жарқырады.

Элтон Джон,  аңыз әнші:

- Сахнада жолдарымыз түйіспеген әншілермен бірге өнер көрсетуге мүмкінік бергені үшін – Грэммиге рахмет! Эминем, Леди Гага, Бакстреет бойз, Эд Ширандармен бұрындары ән салғанмын! Бүгін, Майли Сайруспен өнер көрсетеміз!

Бұдан бөлек кештің басты жұлдыздары – тұңғыштары Блю Айвиді ерте келген Бейонсе мен Джей Зи отбасы болды! Рианна өз кезегінде сахнаның шаңын шығарып, Кендрик Ламар, Диджей Халидпен бірге өнер көрсетті. Дәл осы трио – «Үздік рэп орындаушы» номинациясына ие болды. 

Рианна,  әнші:

- Кендрик, керемет үнтаспаңнан маған да орын бергеніңе рахмет! Сенімен бірге ән салған мен бақыттымын!

Айтпақшы, Мэдисон Сквер Гарден сахнасына Кендрик мүсінше қанжығалауға тағы бірнеше мәрте көтерілді. Дегенмен, биылғы марапаттың триумфаторы, үш дүркін жеңімпаз– Бруно Марс!