Эдди Редмэйн - тас дәуірінің адамы! «Дикие предки» анимациясы көрерменге жол тартпақ.

Сообщить о проблеме с эфиром

Оскар жүлдегері Эдди Редмэйн мен «Игра престолов» жұлдызы Мэйси Уильямс найзамен аң аулап, күндерін көріп жүр! Бір сәтке, тас дәуірінің өкілдеріне айналған актерлар, «Дикие предки» картинасының таныстырылымын өткізді.

Үздік мультфильмдері үшін «Оскар» жүлдесінің төрт дүркін иегері атанған Ник Парк, көрерменді тағы бір тың туындымен қуантпақ. Дарынды режиссер кезекті  «Дикие предки» атты анимациялық картинасынан да үлкен үміт күтеді!

Ник Парк, режиссер:

-  Бұл көременнің көкейінен кетпейтін, отбасылық фильм. Үңгірді паналаған ежелгі дәуір адамдарының хикаясы. Екі өркениеттің тоғысуы, олардың футбол ойнауы. Қызық болары сөзсіз...

Ник Парк жаңа туындысын дыбыстауға голивудтық актерларды шақыртуды жөн санапты. Картинада «Барри» есімді аруды сөйлеткен «Игра престолов» жұлдызы Мэйси Уильямс, өз кейіпкерінің бүгінгі заман аруларына үлгі бола аларына сенімді.

 Мэйси Уильямс, актриса:

- Барри – мықты әйел. Өз-өзіне сенімді, сол дәуірдің қиындығына төзе білген нәзік жандылардың бірі. Меніңше, одан үренеріміз көп.

Мэйсидің әріптесі, Эдди Редмейн де өз кейіпкеріне дән риза...

Эдди Редмейн, актер:

- Маған Дак қатты ұнайды. Әзілқой, жарқын мінезді, әрбір нәрсеге үмітпен қарайтын жан.

Отандық киноқұмар қауым, ежелгі дәуірде өмір сүрген арманшыл жас жігіттің шытырман оқиғалы тағдырын, наурыздың 22-сінен бастап, үлкен экрандардан тамашалай алмақ!