Өнер үшін! Сәкен Майғазиев құны 70 мың доллар тұратын көлігін сатып, қандай тәуекелге бел бумақ?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Майғазиев тыңдармандарына «тәтті» концерт тарту ету үшін, еш нәрседен аянып қалмақ емес. Сәкеннің сөзінше, «бұл шоу бұрын-соңды болмаған» - деп отыр. Қомақты қаржыны талап еткен кеш, қандай ерекшеліктерімен елді елең еткізбек? Серікқазы Аязбаев айтады!

Осыдан екі жыл бұрын елордалық тыңдарманға жеке концертін ұсынған Сәкен, бұл жолы Алатау баурайында ән кешін өткізбек. Тәуекелге бел буған өнер иесі, ұйымдастырушы ұжымның еңбегіне қомақты қаржы төлеуге серт берген.  

Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:

-Режиссерлық жұмысың үшін көп ақша сұрап жатқан жоқсың ба дегенде.. Қанша сумма екенін айтпай-ақ қояйын. Осыншама суммаға деп айтып, сынап жатқан жігіттерге айтқым келеді... Концерттерден кейін айтсын ол сындарын деді. Шынымды айтсам, сол сөздің өзі менің жанымды семіртті десем болады.

Деңгейі жоғары кеш Майғазиевтің қалтасын жұқартар болса да, әншінің көңілі тоқ! Концерттік бағдарламам түрлі шоуға тұнып тұр дейді. Тіпті, Сәкен құны 70 мың доллар тұратын теміртұлпарын сатуға да әзір. Өйткені, өнерді өмірім деп ұққан әнші үшін, халықтың қошеметінен артық бақыт жоқтығын айтады ол.

Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:

-Қаржылай қиындық көріп жатсам да, мен астымдағы темір тұлпарымды сатсам да, «шоколад» концерт өктіземін», - деп сұхбат беріп едім. Сәкенді бірнеше қырынан көресіздер, Алла нәсіп етсе!  Мұндай концерт болған жоқ, - деп айтсам болады.

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңына жоспарланған кешке, су жаңа дуэттер мен Сәкен Майғазиевті жұртқа әйгілеген «МузАрт» тобы да қатысады.

Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:

«Музарт» мен үшін бірінші пландағы үлкен топ. Мен «Музарттың» әншісі ретінде бақытты әншілердің санатындамын. «Музарттай» атынан ат үркетін топтың мүшесі екенімді мақтан етемін. Сол себепті «Музарт» міндетті түрде болады.