Әлемді әділеттілікке шақырамын! Анджелина Джоли босқындардың «қадірлі мейманына» айналды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудтың жарқын жұлдызы Анджелина Джоли, қайырымдылық жолындағы ерек қадамдарымен елді таңқалтуын қояр емес. Жүрегі кең актриса, екі баласын ертіп сириялық босқындардың үйін аралады. Алайда, оның игі мақсаттағы сапары ойдағыдай өтті ме?

Йорданияға табан тіреген танымал тұлғаны, жергілікті тұрғындар құшақ жая қарсы алды. БҰҰ-ның ерікті елшісі атанған Анджелина, халықтың ыстық ілтипатына қарамастан, жұмысына бірден қызу кіріскен. Балаларын да өзімен ерте келген ол, ең әуелі сириялық босқындар лагерін аралауды жөн көріпті.

Кейіннен актриса, арнайы курстар арқылы білім алып жатқан босқын бойжеткендермен де кездескен. Сириялықтардың бүгінгі мүшкіл хәлі, Джолидің еңсесін түсіріп жібергендей.

 Анджелина Джоли, актриса:

- Барша Қауіпсіздік Кеңесі өкілдерін Сирия аумағын көріп қайтсын. Босқындардың тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтқан жөн.  БҰҰ-ны шиеленіскен мәселенің шешімін тезірек табуға шақырамын.

Джей Зиді өткеннің өкініші қажытады! Бір жыл бұрын Бейонсенің көзіне шөп салған рэпер, сүйіктісімен ара-қатынасын қалай сақтап қалғандығын  арнайы сұхбатында ашып айтты.

 Jay-Z, музыкант:

- Бейонсе менің ең жақын адамым. Біз ең әуелі отбасымыз үшін бәрін сақтап қалуға тырыстық. Балаларға кесірімізді тигізгіміз келмеді.

Ресейлік жұлдыз Дмитрий Маликовтың отбасында үлкен қуаныш! Дарынды музыкант екінші мәрте әке атанды. Өнерпаз өзінің жағымды жаңалығын жанкүйерлеріне желі арқылы жеткізіпті.