Тастембековте тыныштық! Айқын мен Мақпал Исабекованың жұлдызын жаққан продюсер тоқырауға тап болған ба?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айқынның атағын аспандатып, Мақпал Исабекованың жұлдызын жағып, кейін Санданы танымал еткен Эрик Тастембековтің, соңғы жобалары жемісті болмай жүр. Әлде азулы продюсер шоу-бизнестегі кәсібіне нүкте қоймақ па?

Жо-жоқ! Азулы продюсер әзірге шоу-бизнестен қол үзуге құлықты емес. Талантты жастарды елге танытуда тынбайтын Тастембеков, түсірілім алаңында 55-ші туған күні атап өтті. Эрик дәл қазір, қол астындағы Серік Гамза-заденің кезекті клипін таспалау үстінде. Су жаңа ән «Бостандық» деп аталады екен.

Серік Гамза-Заде, әнші:

- Қызынан бостандыққа шыққан жігіттің әні. Былай жалпы тілмен айтқанда, орысша айтады ғой «подкаблучник» деп. Сондай жігіттің әні. Өмірде қызбен де, өмірде де жолы болмайтын жігіт.

Осы уақытқа дейін Серік Гамза-заде 5 бейнебаянның тұсауын кесіп, 10-ға жуық ән жазғанымен, әзірге жас өнерпаздың жұмысы жемісін бермей тұр. Тастембековтің сөзінше, мұндай жағдай кезінде Айқынның да басынан өтіпті. 

Эрик Тастембеков, продюсер:

- Мен Айқынмен жұмыс бастаған сәтте де оңай болған жоқ. Біз табиғатына сай келетін тректерді таңдап, халыққа жақынырақ танымал ету, үшін үш жылдай тынбай тер төктік. Содан кейін барып Айқынды ел тани бастады. Алдағы уақытта Серіктің де жұлдызы сәті туарына сенемін.

Сондай-ақ, бүгінгі шоу-бизнестің кешегіге қарағанда көші ілгері екенін айтады. «Қазіргі таңда отандық жобалардың саны да, сапасы да артқан. Ең бастысы бәсеке бар!», - дейді Тастембеков. Ал, Серік тез танылып, табысқа кенелудің жолы той әндері екенін жақсы біледі. Бірақ, ол жүрегіне жақын бағытта ән салып, хитмендердің қатарын толықтыруға ниетті.        

Серік Гамза-Заде, әнші:

-Хит болмай жатыр. Әлі де хит болмай жатыр. Бірақ, менің әлі де үмітім қазір шығайын деп тұрған әнде. Ертең мен мысалы той әнін тауып алып жазатын болсам, ертең хит болып кетуге болады. Егер мен соны қаласам. Бірақ өзім той әндерін айтқым келмейді.