Ольга Бузованың экс-жұбайы Тарасов, 23 жасар сұлуды өзіне жар етті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ольга Бузованың өкініштен өзегі өртеніп жүрген болар! Кім біледі.. Оның экс-жұбайы Дмитрий Тарасов су жаңа сүйгеніне сөз салып, тойын да жасады. Мәскеулік «Локомотив» клубының 30 жасар футболшысы, Анастасия Костенко есімді арумен шаңырақ көтерген!

Жыл басында танымал футболшы Дмитрий Тарасов өз ғашығы Анастасия Костенкомен неке қиды.  23 жасар сұлу қолына қондырған «Локомотив» клубының ойыншысы, шаңырақ көтеру тойына 150 адамды шақырған. Мәскеудің қымбат мейрамханасының бірінде өткен ұлан-асыр кештен, естелік фотоларды жас жұбайлар еш жерге салмаса да, туыстары желіге жүктеп үлгереді. Той тізгінін Николай Басков пен Виктория Лопырева ұстағанын жұрт содан білді.

Сары басылымдар Роналдудың көзі, 31 жастағы британдық модель Райан Сагденге түсті деп бір дүрлікті. Бірақ, футболшының жары Джорджина Родригес, бұл қаңқу сөздерге еш назар аудармаған. Криштиану өз ғашығымен бірге, испанияның Малага қаласында қыдырып жүр. Екеуі өткен-кеткен мерекелердің құрметіне, бір демалыс жариялауды жөн деп шешкен.

Әйгілі ағылшын аяқдопшысы, модель - Дэвид Бекхэм жеке футбол командасын құрды. Ол 42 жасында үлкен футболға, американың MLS лигасында ойнайтын  «Майами» клубының қожайыны ретінде оралып отыр. Дэвид Майами портынан  9 млн долларға жер алып, стадион салып, футбол академиясының да негізін қаламақ. Енді, жұлдызды ойыншыларды шақыруда көздейді.