Нұртас Адамбайдың «Лифт» драмасының трейлері халық назарында!

Сообщить о проблеме с эфиром

Режиссер Нұртас Адамбайдан жағымды жаңалық! Киногердің қолынан шыққан «Лифт» психологиялық дарамасының трейлері көрерменмен қауышуға әзір. Назарларыңызға эксклюзивті кадрларды ұсынамыз.

Нұртас Адамбай  психологиялық драманы таспалауға 1 жыл бұрын кіріскен болатын. Фильмде лифтіде үш күнге қамалып қалған бизнесмен Жандос Айбасов пен нәпақасын күзетшіліктен тауып жүрген Иісбек Әбілмажіновтың образдары арқылы, бүгінгі қоғамның бет бейнесі көрсетіледі.

Нұртас Адамбаев, режиссер, продюсер:

– Кинофестивальдерге бағытталғанымен, бұл толыққанды авторлық кино емес. Көрермен тақырыпты әрі қарай өзі дамытсын деген тұстары жоқ. Біздің айтпағымызды кез-келген жан ұғына алады.