Қақаған аязда далада қалған «Жігіттер» тобының әншісі көлік жүргізушілеріне неге өкпелі?!

Сообщить о проблеме с эфиром

 Қақаған суықта қол көтерген жаяу жүргіншіге жәрдемдесіп, қамқор болыңыз! Дәл осылай видео-үндеу жолдаған «Жігіттер» тобының әншісі, сарышұнақ аязда тоқтамайтын теміртұлпар жүргізушілеріне өкпелі.

Ердос Қанаев, «Жігіттер» тобының әншісі:

-Павлодар қаласында Өзбекстан мемлекетінің азаматтары, Ресейге өтіп бара жатқанда жолда қалып кеткен екен. Кәдімгідей 5-6 адам үсіп қалыпты. Қатты үсіп, аурухандан бірақ шыққан. Мүмкін емес қой басқа машиналардың кездеспеуі деп ойладым да.  Жолда қалып кетіп, қол көтеріп тұрған адам болса жолдан ала кетіңіз. Өйткені, бұл суық оңай суық емес.

«Жігіттер» тобының мүшесі Ердостың видео-үндеу жолдаудағы мақсаты осы. «Бүгінде қаһарына мінген қаңтардағы ақшұнақ аяз, шынымен де еліміздің барлық аймағының тұрғындарын әбігерге салды» - дейді әнші.

Ердос Қанаев, «Жігіттер» тобының әншісі:

Қол көтерген жаяу жүргінші болсын, баласын көтеріп тұрған әйел адам болсын. Басқа да үлкен кісілер болсын, шамам жеткенше алып кетуге тырысамын.

Өйткені, мұндай жағдай кезінде Ердостың да басынан өтіпті. Қақаған қыста жол жиегінде тұрған әншіге, бірде-бір көлік тоқтамаған сәттер де болған.

Ердос Қанаев, «Жігіттер» тобының әншісі:

- Тоқтамай кеткен кездер көп болды. Ештеңе дей алмайсың, өйткені біз білмеуіміз мүмкін.

Сондай-ақ, Әсет Арыстанбек те достарымен аязды күні бірнеше мәрте далада қалғанын айтады. Алайда, «Алаулық» әнші кез-келген жағдайда тығырықтан шығар жолды таба білу керектігін естен шығарған емес.   

Әсет Арыстанбек, «Алау» тобының әншісі:

- Достармен бір жерге шығып қалған кезде, бір жаққа қыдырып қалған кезде көліктер де тоқтамайды, деген әңгімелер бар. Бірақ, не үшін достар керек?! Позитивно жүру керек. Ең бастысы жүгіріп, өзіңді жылытып, сондай кездер жақсы ғой.