Зарина Омарованың жан сыры! Әншінің өмірін күрт өзгерткен қандай оқиға?!

Сообщить о проблеме с эфиром

 «Апатқа дейін, апаттан кейін!» Зарина Омарованың өмірдегі және өнердегі  жолы дәл осылай екіге бөлінеді. Алғашқыда атағы аспандап тұрған әншінің, жол-көлік оқиғасынан кейін танымалдығы да бәсеңсіп қалған. Тіршілікке деген көзқарасын күрт өзгерткен жағдай туралы оның өзі айтсын.

Бір өлім аузынан қалған Заринаның жасы ол кезде небәрі 17-де болыпты.   Жұлдызы жарқырап тұрған әнші, Шымкентке барған гастрөлдік сапарда жол апатына ұшырайды. Денсаулығына қауіп төнген Омарова, тіпті Испания еліне барып емделеді.

Зарина Омарова, әнші:

-Өте қайғылы апат болды. Өйткені екі адам қаза болды, мен ғана тек тірі қалдым. Өмірге екінші рет келдім сол кезде. Барлық жерлерім сынып, зақымданды. Алты ай төсек тартып жатсаң, сен кішкентай қыз болсаң да, есейіп кетеді екенсің. Өмірге басқаша қарайсың. Аэропортта ұшып бара жатқан кезімде таяқпен кеткенмін, жырты жылдан кейін таяқсыз келдім.

Ол шақтарда Омарова жеке ән кешін өткізіп, зәулім сарайды тыңдарманға лық толтырған. Ал, бүгінде атағы аспандап тұрған Дильназ Ахмадиева, Мәдина Сәдуақасова сынды шоу-бизнес жұлдыздары, кезінде Заринаның талантына бас ұрған деседі...  

Марат Омаров, әнші, композитор:

-Сол жеке концертін өткізгенде мына Дильназ Ахмадиева, Мәдина Сәдуақасова бәрі жолдас еді. «Ойбай, Зарина сен сахнада өлең айтатын болсаң, біз жақындай алмаймыз ғой» - деп айтып жүретін шыны керек.

Зарина Омарова, әнші:

-Үлкен Роза Бағланова, Роза Рымбаева сынды апаларымыздың қасында, мен кішкентай болып жүретінмін. Папам бар, Ақжол ағамыз бар... Мені жаңағы ең соңында әдемі қылып, кішкентай қыз сияқты шығаратын сахнаға. Сондай бір ұмытылмас кездерім еді сол кез.

Ауыр апаттан аман қалған Заринаның, бүгінде екі перзенті бар. Өнер иесі 10 жылын отбасына арнап, енді ғана шығармашылығын белсенді түрде қолға ала бастады.