Бюджетімізді жаптық! Фархат Абдраимовтың «По любви» картинасының кассалық табысы қанша?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық кинопрокатқа шыққан жаңа ойыншы Фархат Абдраимов, өзінің «По любви» картинасымен ұзаққа шабатын сыңайлы. Фильмнің қазірдің өзіндегі кассалық табысы жаман емес. Қазақстандық кинотеатрларда бұл уик-эндте көш бастаған кімдер?!

Өткен уик-эндте «Бизнес по казахский в Америке» картинасы  16,5 млн теңгені қоржынына салды. Нұрлан Қоянбаевтың фильмі ақшұнақ аязда жаураған жұрттың көңілін жылытқандай..

Қазақстандық «По любви»  криминалды комедиясы, одан 5 млн теңгеге көбірек ақша тапты. Әзілмен астарланған махаббат хикаясын жұрт ұнатып жатса,  Фархат Абдраимов кино шығынан таяуда ақтап алмақ.

Үздік үштікті қортындылап тұрған ресейлік «Движение вверх» фильмі. Қазақ баласы да ойнаған, КСРО баскетбол құрамасы жайлы сыр шертетіне картина, бұл демалыста 410 млн теңгеден астам қаржыны қалтаға басты.

Атақты «Астрал» кинолентасының төртінші бөлімінің кассалық табысы да мол. Картина өткен бес бес күндікте  792 млн теңгені еншілеген. Бұл шытырман оқиғалы туынды көрермен көңілін тапқаны анық.

Көш басында «Бегущий в лабиринте: Лекарство от смерти» фантастикалық боевигі тұр. Бар болғаны алғашқы уик-эндте, картина  3 млрд 251 млн теңге  тауып отыр. Мәреге қара үзіп келген фильмге, ел таласа билет алғандай..