«Джейрандық» сұлулар кімге бармақ тістетпек?

Сообщить о проблеме с эфиром

Көркімен көз сүйсіндіріп жүрген «Джейрандық» арулар, жігіттер қауымына өкпелі. Тіпті, сұлулар өздерін ренжіткен азаматтарды өкіндіруді де ойластырып жүр. Назын айтқан нәзік жандылармен тілшіміз сұхбаттасқан еді.

«Аймалашы» әні «Джейрандық» сұлуларға  танымалдылықпен қатар, қызыл шоқтай қоғамның қызу талқысын да ала келген. Бейнебаяннан теріс ишара, сөздерінен ұятсыз мағына байқаған жұрт, аруларға жағымсыз пікірді қарша боратып, сынның астынада қалған.

«Джейран» тобы:

-Сол айтылған әңгімелердің бәрі бір инстаграмм парақшасында, сол бір ғаламтордың ішінде. Тіптен сол әңгіме айтып отырған адамдардың өзі, бізді өмірде көрсе мен ойламаймын бетімізге соны айта алады деп.

Арсыздықтан аулақпыз, клиптің сценариі мен әр образымыз тек өнер үшін деген сұлулар, барынша ақталып бағуда. Бұдан былай, топ қыздары мүлде жаңа қырынан танылуды көздейді.

«Джейран» тобы:

-Біз жақында ғана жаңа ән жаздық. Әніміздің аты «Жылайсың әлі». Әрине бұл жігітке айтылған әңгіме. Жылайсың әлі деп, біз тап сол түпкі мағынасында айтып тұрған жоқпыз әрине. Бұл орысша айтқанда намек дейді ғой. Қиналасың әлі, өкінесің әлі деген мағынада...

Алдыңғы бейнебаяннан аузы күйген  арулар, жаңа туындының сюжетін де өзгеше қылмақ.

«Джейран» тобы:

- Мен айталмаймын тура «Аймалашыдағыдай» сондай сюжет болады деп немесе дәл сондай образда боламыз деп. Бірақ әрине, әдемілік болады бейнебаянда. Бірінші орында әдемілік.

Ашық-шашық образдарымен әрдайым сөзге қалып жүретін атышулы Алтынай Жолдыбаева, киімдеріне байланысты да пікір білдірді.

«Джейран» тобы:

- Біз мықты мықты дизайнерлермен жұмыс жасаймыз. Сондықтан да, талғамы жоғары кәсіби мамандардың жасап жатқан адамдардың, біздің тіпті айтатын әңгімеміз жоқ.