Еңбекақым өзіме жетеді! Отандық киноактерлердің бір күндік табысы қанша?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ән сапардан кейін Малуманың қалтасы біршама қалыңдап қалары анық...  Ал, кейбір отандық актерлер латындық жарық жұлдыз болмасақ та, тапқанымызға қанағат етеміз дейді. Қазақ киносындағы ең табыстылар кім? Жауабын тілшіміз сұрайық.

Күні кеше, тоғыз жасар қазақстандық өнерпаз Софи Манасянның анасы, қызының Голивудтағы табысын жұртқа жария етіп, көпшіліктің таңданысын тудырды. Кішкентай бүлдіршінге түсірілім алаңында өткізген бір күні үшін 528 доллар төленеді екен.  

Отандық киноактерлар еңбекақыларының шетелден еш кем еместігін айтып қалды. Мәселен, «Қызғылт қоян» ретінде көрерменнің есінде қалған Әнуар Нұрпейісов, тапқан ақшам өзіме жетеді дейді.                                                                   

Әнуар Нұрпейісов, актер:                                                                                        
- Орташа күніне 250-350 доллар күніне. Кейді ол жиырма мың бола алады, кейде ол 150 мың немесе 200 мың. Егер мысалы, түсірлім күндердің саны үш күн болса, минимум 700 мың немесе миллион теңге болады.

Алайда, актерлардың табыс табуда асығы әркез алшы түсе бермейтін көрінеді. Мәселен, өнерпаздарға кейде тиімді ұсынысты ұзақ уақыт күтуге тура келеді.

Динара Бақтыбаева, актриса:                                                                                       
 -Осыдан шамамен бір жыл бұрын, жобалар болмай қалған кез болды. Дәл сол сәтте, бір іске ақшамды құйып, мүлде қаржысыз қалғам.                                                                                                                                

Гүлназ Жоланова өзін қалталы өнер иелерінің тізімінен көрмесе де, кімге  қыруар қаржы төленуі мүмкін екендігін айтып қалды.                                                 

  Гүлназ Жоланова, актриса:                                                                                          
-Табысты актрисалардың қатарына өзімді жатқыза алмаймын. Меніңше Берік Айтжанов, және үлкен жастағы көп актерларды жатқыза аламын.

Еңбегіңе қарай емесің! Ал, отандық кино жұлдыздар дәулетті болу үшін емес, ең бастысы көрерменнің ыстық ілтипатын алу үшін тер төгеміз десуде.