Ширек финалдамыз! Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатын жеңіспен бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тағы бір спорттық жеңіс! Футзалдан Словения астанасы Люблянада өтіп жатқан Еуропа чемпионатында, Қазақстан құрамасы топтағы алғашқы ойында Польша құрамасын ұтты. Какау шәкірттері қарсыласын 5:1 есебімен тізе бүктіріп, ширек финалға жолдама алды.

Қазақстан 2016 жылғы Еуропа чемпионатында қола жүлде алған болатын. Енді, футзалдан Словения астанасы Люблянада өтіп жатқан Еуропа біріншілігінде, құрамамыз топтағы алғашқы ойында Польшаны жеңді. Қарсыласын жалпы 5:1 есебімен ұтқан Какау шәкірттері ширек финалға жолдама алды.

Ел құрамасы бірінші таймды аса қарқынды бастады. Ойынның 3-минутында-ақ қарсыластар қақпасында допты Тайнан соқты. Бразилиялық аяқдопшы таяуда ғана Қазақстан сапында ойнауға мүмкіндік алған еді. 9-минутта екінші голмен Польша қақпашысын Біржан Оразов қапы қалдырды. Матчтың алғашқы жартысы аяқталар тұста, Серік Жаманқұлов пен Михаил Першин бір-бірден гол тіркеп, есепті еселеді.

Екінші таймда поляктар есеп айырмасын қысқартып, 28-минутта Доменик Солецки гол соғып, командасын желпіндірді. Алайда, қазақстан ойыншысы Дугластың нәтижелі соққысы матч нүктесін қойды. Еуропа чемпионатының ережесіне сай әр топтан екі команда шығады. 1/4 финалда Қазақстанға "А" тобындағы Сербия, Словения және Италия құрамаларының бірі қарсылас атанбақ. Ұлттық құрамамыз 3-ші сәуірде Ресей командасымен топтағы екінші ойынды өткізеді. Букмекерлік кеңселер орыс футзалшылары жеңеріне сенімді.