Леди Гага сырқат!

Сообщить о проблеме с эфиром

Леди Гаганың денсаулығы сыр берген сыңайлы...  Еуропа қалаларына гастрольге шыққан әнші, тәнін шыдатпаған сырқатының себебінен, турнесін кейінге шегеруге мәжбүр болған. Оны жақын уақытта жанкүйерлері сахнадан көре алмауы мүмкін. Және мұндай жағдай бірінші мәрте емес.

Жасы отыздан енді асқан Леди Гаганың денсаулығы, соңғы уақытта жанкүйерлерін жиі алаңдатып жүр. Ол таяуда өзінің  Twitter-дегі парақшасында он шақты қаладағы концертін кейінге шегергенін жазды. Бикештің бұрынғы сырқаты қайта пайда болған секілді. Енді Лондон, Манчестер, Копенгаген, Цюрих және Рио-да-Жанейро секілді шаһарлан сүйікті әншілерін күтуге мәжбүр. Леди Гаганың былтыр да тәні әлсіреп, күш-қуат сарқылып, жаһандық турнесінде амалсыз үзіліс жасаған еді.

Spice Girls сахнаға оралмақ! Британдық поп-группа өздерінің 2018 жылға арналған жоспарларымен бөлісті. 90-шы жылдардың атышулы тобы - Эмма Бантон, Джери Холлиуэлл, Мелани Браун, Виктория Бекхам және Мелани Чисхольм 20 жылдық үзілістен соң, қайта бас қосқандарын ресми жариялады. Танымал бикештер Гарри ханзада мен Меган Марклдың үйлену тойында да ән салады деп күтілуде. Өнер иелерінің әрқайсысына қайта оралғаны үшін, 14 млн доллардан қаламақы төленуі ықтимал.

Кайли Дженнер ана атанды. Оның сүйіктісі Трэвис Скот тұңғышының дүниеге келгеніне бөркін аспанға атып қуануда. Америкалық модель өзінің инстаграм парақшасында, ақпанның 1-ші жұлдызында аман есен-босанғанын жазып, өз жанкүйерлерінен сүйінші де сұрады! 20 жасар Кайли мен  25 жастағы рэпер Трэвис, былтыр көктемде көңіл жарастырып, жас жұптың сәбилі болатыны күз айларында белгілі болған еді!