Ресейдің Жоғарғы лигасында бас жүлде алған «Спарта Номад» КВН командасының жеңісіне күмән келтірушілер кім?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өткен жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында, елге тамаша тарту ұсынған «Спарта Номад» КВН командасы күдікке ілініп жүр. Мәскеуде өткен Жоғары лига финалында чемпион атанған әзілкештердің жеңісіне, бүгінде күмәнмен қараушылардың қарасы көбейген. Ал, Қазақстанның абыройын асырған жігіттер, қара ниетті хэйтерлерге жауап айтты...

«Спарта Номад» КВН командасы:

 Орыстар айтады ғой: «Чемпионов не судит» - дейді. Біз чемпион болдық. Алға қойған мақсатымызға жеттік. Менің ойымша эфир барлығын көрсетті. Кім қалай ойнағынын, кім қалай чемпиондыққа жеткенін. Ал, критиктер олар ешқашан қалмайды.

Иә, Ресейлік КВН ойындарының Жоғарғы Лигасында қазақстандық команда тарихымызда тұңғыш рет жеңіске жетті. Сондықтан да, мұндай сынның болуы заңдылық дейді жігіттер. Бұдан былай, «Спарта Номад» ұжымы халықаралық әзіл сайысындағы мансабын аяқтамақ. Мұндай ресми мәлімдемені Алматыда өткен фан-кездесуде хабарлады. 

 Еркебұлан Мырзабек, «Спарта Номад» КВН командасының ойыншысы:

 Бүкіл команда мүшелері егер чемпион болсақ, бұл біздің жоғарғы лигадағы жолымыздың соңғы этапы, соңғы сәті.  Әрмен қарай өмір жалғасып жатыр. Әрмен қарай шығармашылық жолына шығу керек деген шешім қабылдадым. Менің ойымша бүкіл команда мүшелері сондай шешім қабылдады. Солай ғой, иә жігіттер?! (әзілдеп) Иә, иә! Бәріміз сондай  шешім қабылдадық!

Десек те, қазақстандық КВН-нің көші тоқтап қалмайды, чемпиондар бүгінде ізбасарларын дайындауда. Ақмола облысының «Қорғалжың» командасы, енді ресейлік әзіл додасында ел намысын қорғамақ. Ал, «Спарта Номад» жігіттерінің жетекшісі Құмар Лұқманов та, қимастықпен зейнетке сұранды.

Құмар Лұқманов,«Спарта Номад» командасының көркемдік жетекшісі:

 Осымен болған шығар енді. 17 жыл жүрдік. Балаларға уәде бергенбіз енді. Балалармен аяғына дейін жүріп, чемпион болып. Енді ары қарайда өзімнің де кішкене пландарым бар. Пожалуйтса жібердерші мені, семьяма қайтайыншы, үйге барайыншы.

Айта кетейік, дәл қазір «Спарта Номад» серілері адал жанкүйерлеріне арналған әзіл кешінің концерттік бағдарламасын әзірлеу үстінде. Осы жылдың 1-ші сәуіріне жоспарланған ауқымды шоу Астана қаласында өтпек.