Риодағы Левит пен Тищенко жекпе-жегінен соң, әуесқой боксты олимпиадалық спорт түрлері тізімінен сызып тастауы мүмкін!

Сообщить о проблеме с эфиром

Атышулы Василй Левит пен Евгений Тищенко жекпе-жегі естеріңізде болар! Рио олимпиадасының ақтық сынында, спортшымызды төрешілер алтын жүлдесінен қаққан еді. Енді, бұл дау әуесқой бокстың олимпиадалық спорт түрлері тізімінен алынуына да себеп болуы ықтимал.

Рио төрінде алтынынан қағылған Левиттің, ресейлік Тищенкомен өткізген жекпе-жегі - бүгінде үлкен халықаралық дау. Мұны себеп еткен Халықаралық Олимпиада комитеті, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасынан әуесқой боксты алып тастауы мүмкін. Сол финалдық айқаста бұра тартып, қазақстандық боксшының ұпайын ұрлаған AIBA төрешілерінің әрекеті, жанкүйерлер ысқырығына тап болған еді.

ХОК президенті Томас Бах, AIBA-ның басқармасына, қаржы жұмсауына,  төрешілері және допингке қарсы күресіне көңілі толмайтынын айтты. Сонымен қатар, өткен жылы АIBA-ны 11 жыл басқарған Чинг-Куо Ву парақорлыққа қатысты қызметінен босатылған болатын. Осының барлығы Олимпиада ойындарына жататын әуесқой бокстың тағдырын түбегейлі шешуі мүмкін.

Қазақ Премьер Лигасының соңғы үш маусымдағы ең үздік сұрмергені атанған Жеррар Гоу енді мансабын Қытайда жалғастырады. «Қайраттың» экс-шабуылшысы "Бейцзин Энтерпрайзес" клубымен келісімшартқа отыды. Гоу алматылық клуб сапында ҚПЛ-да 102 ойын өткізіп, 80 гол соққан, ал Еуропа Лигасындағы 19 матчта 11 мәрте көзге түскен.

 Футзалдан Словенияның Люблюяне қаласында өтіп жатқан, 2018 жылғы Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алған командалар анықталды. 1/4 кезеңінде 5-ші ақпан күні Қазақстан Сербияға қарсы ойнайды. Букмекерлік кеңселер Сербтер жеңісіне  - 4.42, тең есепке - 3.68,  ел құрамасының ұтысына – 1.72 коэффициент беріп отыр.