«Мейірімді қоян» несімен қызықты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Лос-Анджелесте көрермен асыға күткен «Приключения Кролика Питера» картинасының тұсауы кесілді. Премьераға қатысқан голливудтық жұлдыздар әдеттегідей қызыл емес, жасыл түсті кілеммен жүріп өтті.

Мейірімді қоянның бастан кешірген қызықты оқиғасы, әйгілі балалар жазушысы Беатрис Поттер кітабының желісі бойынша таспаланған. Ал, анимациядағы кейіпкерлерге Джеймс Корден, Марго Роби, Дэйзи Ридли сынды дарынды актерлер дауыс сыйлаған.

Джеймс Корден, актер:

- Бас кейіпкер Питердің маған ұнайтын жақсы қасиетінің бірі – өзіне деген сенімділік. Фильм арқылы, «әрбір адам қателік жасауға құқылы, тек оны дер кезінде түсінсең болды» - деген, ойға келесің.