«Дэдпул-2» қазақ көрермендерін таң қалдыра ала ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Атышулы «Дэдпул» картинасының 2-бөлімінің трейлері жарық көрді! Кино әлемінде көрерменнің талғамына талас жоқ екені белгілі. Мысалы, мен «Дэдпул» картинасының 2-ші бөлімін асыға күтіп жүрген жандарды білемін. Райан Рейнольдс беріле ойнаған бұл фильмнің басты кейіпкері, енді қандай шытырманды бастан кешер екен?

Тек ересек әзіл айтатын, қадалған жерден қан алатын, дұшпанына қатігез, досына адал «Дэдпул» көрерменіне қайта оралмақ. «Отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын» суперқаһарман жайлы картинаның ресми трейлері жарыққа шықты. Киносарапшылар аталмыш фильм 2018 жылдың табысты  туындыларының бірі болады деп күтуде. Райан Рейнольдс сомдаған «Дэдпулдың» алғашқысы 58 млн долларға таспаланып, жаһандық айналымнан  783 млн доллар пайдаға кенелген.

Уэс Андерсон дүниеге әкелген «Собачий остров»анимациялық туындысы да, үлкен-кіші көрерменінің бәрін қуантпақ. Жапония жерінде иттердің саны көбейіп, «ауру тарату» қауіпі ұлғайғанда, оларды қоқыс тасталатын тіршіліксіз аралға жаппай көшіру туралы бұйрық түседі. Картинадағы кейіпкерлерге Эдвард Нортан, Скарлетт Йоханссон сынды голливуд жұлдыздары  дауыс сыйлаған.

Атақты Ридли Скот режиссерлік еткен "Все деньги мира"  картинасы да талайды тамсандыратыны сөзсіз. Әлемдегі ең ауқатты жанның басынан өткен сан-қилы тағдыры, көрерменді бей-жай қалдырмасына авторлары сенімді.  Пол Геттитің немересін қарақшылар ұрлап әкетіп, ол өз ұрпағын құтқарып қалу жолында бар байлығын бәске тігеді. Басты рөлдерде: Мишель Уильямс Кристофер Пламмер Марк Уолберг сынды беделді актерлер ойнайды.  Бұл жаңа картиналар киноқұмарлар үшін 2018 жылы  жақсы тарту болмақ.