Тосын сыйға толы кеш! «Найнти уандық» мемберлер иглзбен туған күнді қалай атап өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кешегі күн барша мемеберлер мен иглз үшін өте маңызды сәт болды. «Найнти уандықтарды» құттықтау үшін жанкүйерлер жан-жақтан, тіпті еліміздің алыс аймақтарынан да жиналған. Ал, кью-поп орындаушыларға табысталған тартулардың санына жету мүмкін емес.

«Найнти уандық» мемберлер уәде еткендей, барша иглзды жанына жинап, ақпан айында дүние есігін ашқан Зак, Әлем мен Баланың туған күнін атап өтті. Кью-поп өкілдері мен жанкүйерлері басын қосқан ерекше мерекеде, ең алдымен құттықтау әні орындалды..

Жылы лебізі бен ақ тілегін ақтарғандардың қатарынан, тек фанаттарын ғана емес, топтың рухани әкесі - Ерболат Беделханды да байқап қалдық.

Игілігім деген иглз біткен, сүйікті мемберлерін сыйлықтардың астында қалдырды. Олардың арасында алыстан ат арылтып алдырған дүниелер де бар.

- Америкадан тапсырыс берілген смартфон. Және жеке тапсырыспен жасалынған гитара  «Alem-ге» және Даниярға кәсіби құлаққап.

Айтулы шараға қатыса алмаған кей иглз, құттықтауларын видео арқылы жеткізді. «Найнти уандықтарды» жүзбе-жүз көрген өзге жанкүйерлердің, қуаныштан төбелері көкке жетті. Олар мемберлерге сыйлықтарын арнайы дайындаған.

-Үшеуіне үш түрлі браслет дайындап келдік. «Zaq-ка, Alem-ге, Bala-ға» Ия, қолдан жасадық. Және миллион иглздың ішінен, бесеуіміз суретке түсіп сол, өзіміздің қалаған подаркамызды беріп үлгердік.

- Мен бұл плакатты Zaq-ге, яғни Дулат Мұхаммедқалиевке дайындаған болатынмын.

Тартуларын табыстай алмағандар, мемберлердің еншілерін қалайда өз қолдарына тигізбек.

- Біз оларға Америкалық шоколадтарға заказ берген болатынбыз. Өкінішке орай, бүгін біз оларға бере алмағандықтан, ертең «Juz» центрге тастап кетуді жөн көрдік.