Жарқынай сүйікті жігітін жолықтырды! Ал, Баян Алагөзова қыз ұзатуға дайын ба?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жарқынай – осыдан екі жыл бұрын тұсауы кесілген Баянның жаңа жобасы еді. Көрермен көзінен алшақтаған әнші қызды,  Алагөзова  қайтадан қол астына алды. Десек те, бұл бойжеткен продюсер басқаратын орталықта ұзақ уақыт тұрақтамауы мүмкін. Өйткені, Ханайым қалыңдық атануға қамданып жүрсе керек...

Баян осыдан 2 жыл бұрын отандық шоу-бизнес өкілдерінің басын қосып, Жарқынайды дүйім жұртқа таныстырғанымен, әнші қыздың шығармашылығын бір жақты ете алған жоқ. Өйткені, продюсердің жеке өміріндегі келеңсіз жайттардан соң, Ханайымның да жұмысы тоқтап қалған-ды!

 Жарқынай Ханайым, әнші:

- Бұл тек қана Баян Мақсатқызының басына емес, біздің продакшнның басына келген қайғылы оқиға болғаннан кейін, күту керек болды. Менің кезегім енді келді.

Жарқынай сол екі жыл ішінде «Астана мюзикл» театрында актриса ретінде тәжірбиесін шыңдап, ЭКСПО алаңындағы мәдени жобалардың басы-қасында жүрген. Сондай-ақ, Елордада сүйікті ер азаматын да жолықтырып үлгеріпті.

Жарқынай Ханайым, әнші:

- Иә, сүйіктім бар, көңіл жарастырып жүрген адамым бар. Енді, ол кісілер рұқсат берсе, мүмкін болып жатар...

Десек те, Баян мен бойжеткеннің арасындағы келісімшартты да естен шығармау керек. Қол қойылған құжат мерзімінің аяқталуына әлі 3 жылға жуық уақыт бар.  

Жарқынай Ханайым, әнші:

- Осы өнер саласында өзімнің жоспарым бар. Соларды амалға асырғым келеді. Сосын, маған сенген адамдардың сенімін ақтағым келеді. Содан кейін, продюсерлерім рұқсат беріп жатса, келісіп жатсақ, әрі өнерді де, жеке өмірде де алып жүре алатыныма, ол кісілердің көзі жететін болса, сенетін болса, сол кезде тұрмыс құру ойымда бар...

Екі жылдық үзілістен кейін шоу-бизнеске қайта оралған Жарқынайдың, жаңа клипі, «Сиситай» фильмінің саундтрегі болмақ.