Қаржыны үнемдеу ме, әлде бәсеке ме?! «Кешьюдің» жаңа клипі Баянның тағы бір қырын танытпақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әдетте тек түсірілім процесін бақылап, барлығын кәсіби мамандарға жүктейтін Баян, бұл жолы жұмыс істеу тәсілін өзгерткен сыңайлы. Атышулы Алагөзова, енді отандық сән стилистерімен бәсекеге түссе, таң қалмаңыз! Өйткені, «Кешьюдің» жаңа образы танымал продюсердің талғамымен таңдалыпты.

Иә, «Кешьюдің» кезекті клипі «Swala la la» әніне түсірілді. Бұл жолы Баян басқаратын қыздар ұжымы, отандық стилистердің атқаратын жұмысын пысық продюсердің өзіне сеніп тапсырған.

«KeshYOU» тобы:

- Мейкапымыз да, шашымызды, қандай киім киіп жатырмыз, қандай тырнақ барлығына қарады ол кісі. Стилист жалдап оған ешқандай ақша құртқан жоқпыз. Баян Мақсатқызы барлығын сол орынында ойлап тауып, солай біздің образымызда жинады десек болады.

Топ құрамында Сара өнер көрсеткен шақта, «Кешью» қыздары әнмен бірге рэпті де қатар орындайтын. Алайда, құрбыларымен әріптестікті үзген ұжым, бұл бейнебаянда Бальер есімді рэпер жігітпен дуэт жазыпты.    

«KeshYOU» тобы:

- Негізі Сара кеткенмен рэпті өзіміз оқып шығардық. Бірақ, біз басында айтқанбыз «қандай стиль модаға кіріп жатыр, соның бәрін айтамыз» деп. Қашанда рэп айтып жүреміз деп ойламаймыз. Ол әр маусымда киіп ауысады деген сияқты. Осындай түрлі-түрлі стильдерді көріп, ауысып жүреміз.

Кадрда жұлқына билейтін бұрымдылар, мұндай бейнебаян бұрын-соңды болмаған деп отыр. Сондықтан, тың туындының тұсауы кесілер тұста, сыни пікірлердің көп боларын іштері сезеді.

«KeshYOU» тобы:

- Негізі «Кешьюдің» әр бейнебаянына, әр шыққан әнін халық әрқашан сынға алып жатады. Жаман жағы да бар, жақсы жағы да бар. Сондықтан сынға дайынбыз.

Бұл бейнебаян Алагөзованың өзі басты рөлді сомдайтын «Сиситай» комедиясына, саундтрек ретінде таспаланған. Ал, «Кешью» тобын тың бағытта таныстыратын су жаңа клип, жақын күндері жарыққа шықпақ!