Мәдина Садуақасова алғаш рет ән сапарға аттанбақ

Сообщить о проблеме с эфиром

Мәдина Сәдуқасова, шығармашылық жолда ширек ғасыр жүрсе  де, концерттік турне өткізіп көрмеген санаулы жұлдыздар қатарында. Алайда өнерпаз, бұл олқылықты қалай да түзеймін деп отыр. Алғашқы ән сапарына құрған жоспарлары туралы, Мәдинаның өз аузынан естиік.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

-Жиырма екі жыл сахнада жүріп, әлі бір де бір рет арнайы, тек қана сондай бір үлкен концертпен өзімнің концерттік бағдарламмен ауыл-аймақтарды, қалаларды аралап көрмеппін.                                                             

Наурыз айнынан  басталатын концерттік турненің аясында, әнші Монғолия қалалары мен Қазақстанның әр өңірін аралауды жоспаралап отыр. Ал, оған дейін Сәдуақасова шығармашылығына мықтап кіріспек. Әншінің жуырда ғана «Иә дедім» атты трегіне су жаңа бейнебаяны жарық көрген болатын. Бұл туындының, Мәдина үшін орны ерекше.                                                                                  

Мәдина Сәдуқасова, шығармашылық жолда ширек ғасыр жүрсе  де, концерттік турне өткізіп көрмеген санаулы жұлдыздар қатарында. Алайда өнерпаз, бұл олқылықты қалай да түзеймін деп отыр. Алғашқы ән сапарына құрған жоспарлары туралы, Мәдинаның өз аузынан естиік.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:                                                                                       

-Ол сол біздің үйленгенімізге бірнеше, яғни 4 жыл толуына байланысты жасалған дүние. Қыздардың барлығына, «иә» деп жауап берген өздерінің жігіттеріне арналады.                                                                                

Соңғы уақытта Мадина Садуақасова өзге әншілермен дуэт жазып, өз аудиториясын кеңейтуде. Дегенмен, Айри екеуінің туындысына көп сын айтылды.    

Мәдина Сәдуақасова, әнші:                                                                                                 

- Кісілер өлеңді тыңдамай жатып, тек қана мәтініне қарап, Мәдина қалай, қалай өзі, маған ешкім жетпейді, мен ең керемет деп айтып жатырма деп, түсініп қалады. Бірақ ол олай емес, ол жерде әрбір әйел адам, қыз бала өзінің ерінің тек қана жалғызы болғысы келеді. Ол сондай мағынамен айтылып жатыр.                                                                                               

Сынға құлақ аспауды жөн көрген әнші, «Өзгелер мендей бола ала ма?» туындысына бейнебаян таспалауды да жоспарлап қойған көрінеді.