Анджелина Джоли мен  Бред Пит екі қалада тұрмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Анджелина Джоли Бред Пит үшін кинодағы мансабынан бас тартпақ па?

Бірнеше жыл бұрын некелері бүлінген жұлдызды жұп Аджелина Джоли мен Бред Пит, заң жүзінде әлі де болса ерлі-зайыпты. Голливудтық актриса енді өз мансабын аяқтаймын деп шешсе керек. Ал бұған Бредтің қаншалықты қатысы бар?

Бұрынғы жұбымен бір қалада тұра алмасын сезген Анджелина, Лос-Анджелестен Лондонға қоныс аудармақ ниетте. Басқа шаһарға кетуінің себебі, бір ғана Бредпен шектелмейді екен. Актриса, енді саясаттың тұлпарын  тізгіндемек. Ол Ұлыбритания елінің босқындар мәселесі жөніндегі ұйымының, кеңесшісі лауазымында бағын сынап көрмек. Аджелина бұл істің қолынан келетініне бек сенімді.

Белла Хадид пен Кортни Кардашьянның ұқсастығы! Екеуі де айнымас образдарымен бір-біріне еліктеп жүр ме?! Папараццидің назарына бірдей киім үлгісімен түскен олар, бұл жәйітті жай ғана сәйкестік деп біледі. Ақ футболка, қоңыр шалбар және нәзік туфли екі сылқымды да сұлу етіп тұрғандай. Тек Белла образын қызыл сөмкемен толықтыруды жөн санапты.

25 жастағы Курт Кубейннің қызы Фрэнсис, жеке инстаграм парақшасында  ішімдікке қалай қарсы тұру керектігі жөнінде ойымен бөлісті. Сондай-ақ Кортни өз жазбасында екі жылдан бері акоголь тұтынбайтынын да атап өткен. Суретші қыздың бұл қадамына оқырмандары дән риза болып, түрлі пікірлермен   қолдайтындарын жеткізді. Дегенмен, бүгінде Фрэнсистің көңіл-күйі жабырқаулы. Әкесінің қазасынан кейін, ол жолдасымен ажырасқан еді, енді анасы Кортни Лавпен де қарым-қатынасын нашарлатып алған көрінеді.