Қытайдағы жаңа жылдық гала-кеште, Димаш Құдайбергенмен ән салу бақыты қай әншілерге бұйырды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Димаш Құдайберген Қытайда өтетін гала-концерттің басты мейманы! Аспан асты елінің тұрғындарын, төл мерекесімен құттықтайтын  өнерпаз, мерекелік кеште үлкен шоу сыйламақ! Қазақтың дара дауысты орындаушысы, жергілікті жұлдыздармен үзеңгілесе ән шырқамақ ниетте екен...

Қытайлық СС-ТV арнасы ұйымдастырған ауқымды гала-концертте Димаштан бөлек, аспан асты елінің жұлдыздары Юань Явэй мен Лам Сяо да бар. Тікелей эфирден көрсетілімі жүретін бұл мерекелік кеште, қос орындаушы да Димашпен дуэт шырқамақ. Өнерден бөлек, өмірде де достығы жарасқан олар, өткен жылғы «I am singer» байқауында танысқан болатын.

Димаш Құдайберген, әнші:

- Керемет әсердемін. Өйткені, дүлділдер өнер көрсететін сахнада сол кісілермен бірге сахналас болу бақытына ие болып жатырмын.

Аспан асты елі жаныма жақын деген қазақстандық әнші, жергілікті жұрт атап өтетін мейрамның құрметіне қытай тілінде ән шырқайды! Димаш, бұл қадамы арқылы аталмыш мемлекеттің тұрғындарына деген шексіз алғысын білдіреді. Ит жылын ұлттық дәстүріне сай қарсы алатын Қытайлықтарға, Димаш Құдайберген мен Юань Эвей, Лам Сяо жаңа жылда бақыт тілемек ниетте.