Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Реал» шабуылшысы Криштиану болса, Чемпиондар лигасы тарихында, бір клуб сапында жүріп 100 гол соққан тұңғыш футболшы атанды. Мадридтік команда құрамындағы өзінің жүзінші добын, Роналду 1/8 финалда франциялық "Пари Сен-Жерменге" қарсы өткен кездесуде тіркеді.

 

Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында аргентиналық шабуылшы Лионель Месси тұр. Ол чемпиондар лигасында "Барселона" сапында 97 гол соққан. Еске салсақ, "Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен «Реал-ПСЖ» кездесуі, 3:1 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Бұл матчта дубль жасаған Роналду, осымен сегізінші ойында қатарынан гол соғып отыр.