Келесі кезек Балжанда ма?! «Кешьюлік» әншінің жанындағы бейтаныс жігіт кім?!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Кешьюден» алғашқыда Ақбота кетті, сәл уақыттан кейін Жұлдыз да жұмысын тоқтатты. Енді, мына суретке қарап  келесі кезек Балжанда ма деген ой туындап тұр. Бірақ, бұрымдының ту сыртынан тон пішпейміз. Ең дұрысы, қасындағы бейтаныс жігіттің кім екенін әнші қыздың өзінен сұрап көрейік...

 Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі:

- Ол досым ғой. Біз бірге тауға барғанбыз, достарымызбен. Сол кезде түскен сурет болуы керек.

«Кешьюлік» сұлудың желідегі суретіне қатысты айтар жауабы осындай болды. Әзірше әнші қыздың басы бос. Балжан бұрын қиялға ерік беріп, болашақ жеке өмірі жайлы жиі толғанатын болса, бүгінде бар уақытын шығармашылыққа арнайды. Өйткені, топтағы құрбыларының тағдыры ойын өзгерткен.

Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі:

- Шынымды айтсам бар ғой, бұрын мына жаста шыққым келеді. Мына уақытта шыққым келеді деп айтатынмын... Қазір жанымдағы оқиғаларға қарап, олай да айта алмаймын. Сондықтан, тып-тыныш жүре берген артық та... Бір күні басыңа салп етіп келер, сол бір тағдыр...

Алғашқыда ертерек тұрмыс құрып, ана атану Элизаттың да арманы еді. Бірақ, әнші қыз келісімшарт аяқталғаннан кейін ғана, жеке өмірін бір жақты қылмақ. Ал, Баян мен қыздар арасындағы қол қойылған ресми құжат 2021-ші жылға дейін жарамды екен. 

Элизат Берікова, «KeshYOU» тобының әншісі:

- Бұрын ойлайтынмын 18-19 жаста тұрмысқа шығып кетіп, босанып алсам күшті болар еді деп. Бірақ, қазір ол жас та өтіп кетті, 23-ке келіп қалдым. Сосын ойладым, жарайды келісімшарт біткеннен кейін деп, соған қалдырып қойдым.

Ал, 18 жастан енді асқан Назым үшін бұл тақырып тым таңсық. «Кешьюге» кеше ғана қабылданған әншінің, әзірге қалыңдық атану үш ұйықтаса түсіне кірмейді.

Назым Әбілдина, «KeshYOU» тобының әншісі:

- Мамам «ойлама» дейді ғой, әкем айтады «40 жасыңда кездесуге жігітпен барсаң, мен сенің артыңда отырамын» - деп, қорқытып қояды.