Майк Тайсон Жан-Клод Ван Даммға жұдырығын ала жүгірді

Сообщить о проблеме с эфиром

Аты әлемге әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон, Жан-Клод Ван Даммға жұдырығын ала жүгірді. Қос жұлдыздың мұндай ерек кездесуін, көпшілік мүлде күтпеген болуы керек.

Алайда, көрермен қауымның алаңдауына еш негіз жоқ. Бұл бар болғаны, киногерлердің санаулы сағат бұрын желіге жүктеген «Кикбоксер: Возмездие» картинасының үзіндісі.

Экшн мен драмаға толы фильмде, жас жеткіншектің спорт жолындағы қиындықтары мен жетістіктері суреттелмек. Ал, оның қос жаттықтырушысы Тайсон мен Ван Дамның нені бөлісе алмағаны, картинаның премьерасынан соң белгілі болмақ.