Димаш Құдайберген Қытай елінің басты жұлдыздарымен ән шырқады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Димаш Құдайберген Қытайдың жаңа жылына арнап, CCTV арнасы ұйымдастырған салтанатты шарада, Тиа Рэй және Джам Ксяомен бірге өнер көрсетті. Үш музыкант "Sing Different" джазды композициясын шырқаған. болатын. Қазақ баласы бұл қос өнерпазбен «I am a singer» жобасынан таныс.

Аспан асты елінің жаңа жылдық гала-концерті, ауқымы мен шоу-қойылымдары жағынан, олимпиаданың ашылуынан кем түспегендей. Димаш Құдайбергеннің қытай тілінде ән салуы, жергілікті халықтың өзіне деген ілтипатына алғысын айтуы. Ол көрермендер залында, әлемге әйгілі актерлер Джеки Чан және Джеки Вумен қатарласа отырды.