«91 TV» реалити-шоуы шығады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сүйікті мемберлерінің өмірін «91» картинасы арқылы етене таныған иглзға, одан да үлкен мүмкіндік туып отыр. Жанкүйерлері, кью-поп орындаушыларының тыныс-тіршілігін, енді реалити-шоу арқылы тамашаламақ.

19-ақпаннан бастап көрерменге жол тартатын реалити-шоудың әрбір бөлімі, қызыққа толы болмақ. Иглз, мемберлердің қайда тұратынын, шығармашылықтан тыс уақытта немен айналысатынын біле алады!

«Ninety one» тобы:

- Реалити-шоу негізінде екі жерде өткен болатын. Бір бөлімі Алматыда, екіншісі Кореяда, Сеул қаласында сол. Алматының ішінде біздің үй де кіреді, студя да кіреді, көшеміз кіреді, бәрі кіреді...

Ал «91 TV» реалити-шоуы туралы эксклюзивті сұхбаттың толық нұсқасын НТК сайтының, кью-поп бөлімінен таба аласыздар.

Сондай-ақ, арнайы өткізілген конкурста үздік фан-постермен көзге түскен иглзды атап өтпеске болмас! Мемберлердің таңдауымен @breezyzaq аккаунтының иесі жеңімпаз деп танылды. Енді, дарынды жанкүйердің бұл суреті NТК.КZ сайтының қабырғасына ілінбек!