Таңқалдырған Марк Джэйкобс! Ереуілдеткен Вивьен Вествуд! Нью-Йорк фешн-уик өз мәресіне жетті.

Сообщить о проблеме с эфиром

Бір аптаға жалғасқан Нью-Йорктегі фешн-уиктің қызықтары таусылар емес. Сәнгерлердің бірі ерекше көрсетілімімен таңдандырса, енді бірі жанына халықты жинап, қоршаған ортаны таза ұстауды талап етті. 

Әдеттегі дәстүр бойынша Нью-Йорктегі сән салтанатының соңғы нүктесін қою, Марк Джейкобске бұйырған. Беттерін жауып, бүркенген сәнқойлар, көрсетілім барысында көпшіліктің таңданысын тудырды.

80-ші жылдардың сәнін еске түсіретін топтамасын таныстыру үшін, әйгілі дизайнер Тейлор Хилл, Эди Кэмпбел, тіпті Кая Гербер сынды жұлдыздардың көмегіне жүгінген. Алайда, салтанатқа келген қонақтар ерекше образдағы  танымалдардың түрлерін бірден түстеп тани алмады.

Фешн уиктің эстафетасын қабылдап алған Лондондық сәнгерлер болса, әріптестері сияқты топтамасын таныстыруға әлі асықпайды. Бұл өңірдің дизайнерлері, қоршаған ортаның тазалығы мәселесін бірінші орынға қойып отыр. Мәселен, «Панк» стилінің негізін қалаушы Вивьен Вествуд, жақындарын ертіп, шеруге шықты..

Өнерпаздың талабы бір –  өңірдегі мұнай-химия зауытының қызметін тоқату. Вествуд ханымның табиғатты қорғау барысында көзге түсуі бірінші рет емес.

Джо Корр, Вивьен Вествудтың ұлы

- Сән апталығы аясында осы жерде наразылығымызды білдіріп тұратын боламыз. Ауаны ластайтын өнеркәсіппен дәл осылай  күреспекпіз.