Әнші Ayree театрында сабақ бермек.

Сообщить о проблеме с эфиром

Жарқын образдары мен ерекше ән орындауы арқылы  дараланып жүрген Ayree ұстаздыққа бет бұрды. Өнерпазды Бағым Мұхитденованың өзі, ән театрында вокалдан дәріс беруге шақыртқан көрінеді. Енді, ару шығармашылығын түгелдей ысырып қоймақшы ма?

Музыка мектебін тәмамдап, қос дипломын қолтықтаған Ayree өзінің мүмкіндіктеріне бек сенімді. Сондықтан да, жас өнерпаз азулы продюсер Бағым Мұхитденованың, ән-театрыма ұстаз бол деген ұсынысын бірден қабыл алған.

Ayree, әнші:

- Өз-өзімді мұғалім ретінде дайынмын деп есептеймін. Және де мен үшін Бағым Мақсатовнаның театрында жұмыс істеу тәжірибе жинауға керек болып тұр. Мен де олардан үйренемін, олар да менен сабақ алады.

Мақсатқызының жас өнерпазды жеке өнер орталығына шақыртуы тегін емес. Кезінде Ayree-дің анасы да Бағымның қол астында вокалдан дәріс берген көрінеді. Соңғы кездері өзін сан қырынан сынап жатқан ару, бұған дейін «Қағаз кеме» телехикаясында да  төбе көрсеткен еді.

Телетуындыдағы дебьютынан кейін, арудың тыныштығы әбден бұзылған. “Ninety one” -ның  жалынды жанкүйерлері, оның желідегі жеке парақшасына жазба қалдыруда жан салмайтын көрінеді. Алайда, өнерпаз қыз иглздың бұл қылығына оң қабақпен қарауда.

Ayree, әнші:

-Жазып жүреді ылғи. Бірақ, жақсы нәрселерді жазады. Негізі «Қағаз кемеде» ойнағаныма қатты қуаныштымын. Себебі, мен үшін өте ерекше тәжірибе болды. Қатты кинода ойнауда армандадым. Сондықтан менің ойымша, менің бір арманым орындалды.

Ұстаздыққа бет бұрған Ayree, шығармашылығының ақсап қалуына жол бермек емес. Жуырда ғана Мәдина Сәдуақасовамен дуэт жазған ол, әлі талай әнді  дүниеге әкелеміз деп сендіруде.

Ayree, әнші:

- Әндер жазып жатырмыз. Енді, барлығын айтпай-ақ қояйын, бұйыртса барлығы алда.