«Оскар» салтанаты үшін жұлдыздар қанша ақша шығындайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жылдың үздіктерін қорытындылайтын «Оскар» марапатына да санаулы уақыт қалды. Бұл танымал жұлдыздардың шын қарбаласқа түсетін шағы. Бірі біріне ұқсамайтын образдар мен қымбат смокингтер үшін, олар жанын салмақ. Әртістер қауымының қалтасы қаншалықты жұқарар екен?

Голливудтық жұлдыздар «Оскар» марапатына дайындықты бастап кеткен. Наурыздың төрті күні өтетін салтанатты іс-шараға Тейлор Свифт, Сандра Баллок, Мила Кунис, Анджелина Джоли секілді сылқымдар қызу қамдану үстінде. Айтуыша:  күніне фитнес – тренерге 300 доллар, дұрыс тамақтануға 100 доллар, ал стиль мен образға жалпы 30 мың доллар, әшкей бұйымдарға 15 мың доллар қаржы шығындалады екен. Олардың «оскар» кешіне киетін көйлектері де санаулы данамен ғана шығады екен.

Кендалл Дженнер қандай психологиялық соққыларға душар болып жүргендігі жөнінде айтып берді. «Кардашьян жанұясы» жайлы реалити-шоудың  соңғы санында 22 жастағы Кендалл, кәсіби мансабындағы қиындықтармен күресудің ауыр болып жүргенін, тіпті жүдеп кеткенін жеткізді. Кимнен кейін, Кендалл да алаяқтардың құрбаны болған, сондықтан әлеуметтік желіде жеке парақшасын жүргізуге жүрексінетін көрінеді. 

Дженнифер Лопес пен Алекс Родригес NBA-дың баскетбол матчында! Соңғы кездері жұлдызды жұп, қырағы папарацци нысанына жиі түсіп жүр. Шет елде қалай демалғандарын, таңғы кофені қай жерде ішкендерін желіге жиі жүктейтін олар да, жұрттан ештеңе жасырмайтын болған. Белгілі спортшы да Джейлоумен бақытты екенін, әр постының астына үнемі жазып отырады.