Мессимен ойнаған футболшы «Қайратқа» ауысты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сүйікті командасының голы үшін, өзінше қуанған алаң бозбаланы таяққа жығу, ҚПЛ тарихында менің білуімше болмаған. Бүгінде, ел премьер-лигасының жаңа маусымдағы ойындары басталуға жақын. Командалар өз сапын жаңа ойыншылармен толықтыруда. Атышулы трансферлер болды ма?!

«Қайраттың» сапын толықтырған ойыншының бірі Гай Ассулин. Израильдік талантты футболшы, бұрын Лионелем Месси және Хавимен бірге, «Барселона» сапында доп тепкен. Кейін ойыны жүрмей, «Манчестерге» сосын  испаниялық «Сабадель» командасына ауысты. Ақырында, құны 150 мың еуроға бағаланатын, 26 жасар аяқдопшы алматылық клубтан табылды.

«Қайрат» тағы да уругвайлық Уго Сильвейраны 1 млн еуроға сатып алды.  Ол аталмыш мемлекеттен, Казақстанға легионер ретінде аяқ басқан тұңғыш ойыншы. Сонымен қатар, «Ақтөбе» командасы Армениялық үздік аяқдопшылардың бірі Арас Озбилисті қатарына қосуы мүмкін.  Кезінде 8 млн-ға бағаланған бұл футболшының, бүгінде құны 650 мың еуроны құрайды.

Елордалық клубқа Серибияның «Шахтерынан» Марко Станоевич келді. Бұл ойыншы «Астана» сапын күшейтуге қосылған футболшылардың бірі ғана. Шымкенттік «Ордабасы» сонау Хорватиядан Хрвое Спахия мен көрші өзбек елінен Иван Нагаевты алдырған. Ақдопшыларды сатып алуға әзірге «Астана» - 5,7 млн, «Тобыл» - 4,1 млн, «Ертіс» - 3,6 млн, «Жетісу» мен «Ақжайық» - 2,9 млн, «Қайрат» - 1,7 млн еуро жұмсаған. Бұл көрсеткіш ҚПЛ-дың жаңа маусымы басталғанша өсе бермек!