«Жаңа жас, жаңа шаш!» Мақпал Исабекова 34-жаста!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сәннің ең соңғы трендтерін қалт жібермейтін Мақпал Исабекова болса, шашын қызғылт түске бояды. Соған қарағанда, өнерпаз туған күніне деген дайындығы дәл осылай бастап кеткен сыңайлы. Бүгін атышулы әнші отыз төрт жасқа толып отыр!

Мақпал Исабекованың әрбір жаңа образын, батыстың танымал тұлғаларына ұқсататындар көп. Ерек кейпімен жанкүйерлерін таңқалдыруда тосылмайтын әнші, бұл қылығы үшін оқырмандарынан талай таяқ жегені де бар.

Алайда, туған күні қарсаңында образын жаңартуды жөн көрген Исабекованы, қалың көпшілік алғаш «SuperStar» жобасы арқылы таныған еді.

Бұл байқаудан соң, бағы жанған Мақпалды Эрик Тастембеков қанатының астына алады. Талай хит тректер, сәтті дуэттер дүниеге келеді.

Алайда, дарынды әнші мен азулы продюсердің ортақ жұмысы көпке бармады. Күні кеше, БАҚ өкілдерінің біріне «Мақпал екеуіміздің арамызда махаббат болды» деген Эрик Тастембеков, аруды өз еркімен жіберген еді.

Эрик Тастамбеков, продюсер:                                                       

- Мақпал жеке жұмыс жасағысы келді. Бұл қалыпты жағдай. Адам кішкентай бала сияқты өмір бойы жүре бермеуі керек қой. Қашанғы мен оның аузына нан шайнап бере беремін.

Мақпал Исабекованың продюсерсіз шығарған «Асыл жарым» туындысы  сәтті шықты. Әншілікті азсынған ару,  араға уақыт салып «Загнанная» фильміне түсті. Тіпті, сәннен хабарым бар деп, дизайнерлікті де қолға алмақ болды. Әнші капсульді топтамасын жасап шығаруға ниеттенген-ді.

Мақпал Исабекова,әнші:                                                         

– Маған маңыздысы осыдан бір нәтиже шығару. Жәй ғана тігіп, міне мен дизайнер болдым, міне мен коллекция шығардым, фэшн-уикте көрсеттім бұл коллекцияны деген мақсат жоқ.

Алайда, ару өзі айтқандай толымды нәтиже көрсете алмады. Есесіне, әншілігіне  шындап кірісті. Мәселен, соңғы сәтті шыққан туындысының бірі - «Шын сүйемін» әні.                                                                                   

Бұл бейнебаяннан кейін Батыр Байназаров екеуін қосушылар қатары көбейді. Алайда, 34-жасқа келген арудан жеке өмірі жайлы сұрай қалса, айтары бір:

Мақпал Исабекова, әнші:

– Мен қазір бара салып кез-келген адамға тұрмысқа шыға салмаймын ғой. Сондықтан, кішкене тоса тұрыңыздар енді. Мен тосып жүрсем, сіздер де тоса тұратын шығарсыздар.