Қазақстанда «төсек арқылы» танымал болу бар ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде, отандық киноиндустриядағы кастингке талантымен емес, тәні арқылы танылғысы келетіндер көбейген. Мұндай жағдай тек Голливудқа тән десек, бұл жолы Нұртас Адамбайдың іріктеуіне келген арулардың аузынан естідік.

Төсек арқылы танымал болған актрисалардың тағдырынан Нұртас Адамбай да хабардар екен. Алматыда ауқымды іріктеу өткізген продюсер, отандық кинонарықта мұндай жағдайлардың жиі болатын айтады.   

 Нұртас Адамбай, продюсер, режиссер:

- Осыдан біраз уақыт бұрын мейрамханалардың бірінде, егде жастағы режиссердың жас актрисамен отырғанын байқап қалдым. Шынымды айтсам, өрімдей қызды аяп кеттім. Өйткені әп-әдемі ару үшін, өзінің әкесімен жасты адаммен оңашада тамақтанудың өзі ұят.

Мұндай сорақылық біздің елде шынымен де белең ала бастағандай... Нұртастың сөзін кастингте жиі бой көрсететін бойжеткендер де растап отыр. 

Аяулым Мұқанова, кастингке қатысушы:

- Ыңғайсыз жағдайға қалатын ұсыныстар болды. Бірақ одан мен бас тарттым. Өйткені, ондай кір жолмен жүргім келмейді.

Әсем Өмірзақ, кастингке қатысушы:

- Кейбір жұлдыздар солай көтерілген. Ол барлығына мәлім. Қазір біз олай айтпай-ақ қояйық өтірік деп.

Ал, Нұртас қазақстандық киноиндустрияда кей сұлулардың санасына сіңген жағымсыз стеротипті бұзуға кіріскен.

 Нұртас Адамбай, продюсер, режиссер:

- Біріншіден, қабілет керек. Екіншіден, кейіпкерлерімізге түр-келбеті сай келіп, берілген тапсырманы бұлжытпай орындаса болғаны. Біздің команда да «Бәке, Сәке» немесе тамыр-таныс арқылы киноға түсу деген түсінік жоқ!

Жадыра Әбдікерім, кастингке қастысушы:

- Егер сенің талантың болса, онда сол «через постель» деп айтады ғой. Онсыз да жарып шығуыңа болады.

Жұлдыз Араб, кастингке қасысушы:

- Өйткені қаншама актрисалар бар ғой Қазақстанда адал жолмен атаққа жеткен. Ондай жолмен емес...

Нұртастың көлемді кастинг ұйымдастыруы да тегін емес. Талантымен тамсандырған арулар, режиссердың кезекті картинасындағы басты рөлдердің біріне бекітілетін болады.