15 мың адамды кастингтен өткізген Ақан Сатаев, «Томирис» фильмін түсіруді бастамақ.

Сообщить о проблеме с эфиром

Наурызда Ақан Сатаев «Томирис» тарихи туындысының негізгі түсіріліміне кіріспек. Сақ патшайымы туралы картинаға, көне грек тарихшысы Геродоттың қалдырған жазбалары негізге алынған.

Фильм Жаркентте, Шонжыда, Бурабай мен Баянауылда 4 ай бойы таспаланбақ. Авторлар 8 ай бойы түсірілімге арналған локацияларды таңдап, кейіпкерлердің костюмдері мен реквизиттерің дайындап, 15 мыңнан астам адам арасында кастинг өткізген. Соның, нәтижесінде Томиристің рөлін Астаналық ару Альмира Тұрсын сомдайтын болды.