Головкин мен Альварестің алғашқы көз арбасуы қашан өтеді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Өздерінің алғашқы айқастары өткен Лас-Вегастағы Т-Мobile Arena-да, Головкин мен Альварес тағы да қолғап түйістірмек. Осы жылдың 5-мамырына жоспарланған бұл қарымта жекпе-жектің билеттері, 300 бен 5 000 доллар аралығында сатылымға шығады.

HBO арнасы бұл бокс кешін ақылы трансляция жүйесімен ұсынбақ! 27-ақпан күні Трипл Джи мен Канело, Лос-Анджелесте алғашқы баспасөз мәслихатын шақырып, ресми түрде көз арбасу рәсімін жасайды. Қарымта жекпе-жекте қос боксшы да жұдырықтасуды уақытынан бұрын аяқтауға зор ықыласты. Головкин мен Альварестің гонорары да, бұл жолы 30-пайызға өспек.