«Излом времени» тұсаукесері өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Танымал тележүргізуші О́пра Уи́нфри құрбысы әрі актриса Риз Уи́зерспунды ертіп, «Излом времени» картинасының премьерасына келді. Қос жұлдыз төбе көрсеткен бұл фэнтези, Диснейдің табысты картиналарының бірі болады деп күтілуде.

Опра Уинфри, актриса, тележүргізуші:

- Бұл елеулі сәт! «Алтын глобуста» айтқанымдай, алар асулар әлі алда!

Риз Уизерспун көптен күткен премьераға қызы Ава Филипті ала келген. 18-жасар ару, анасы сияқты көпшілік жерде көзге түсе бермейтін жандардың бірі.

Картина америкалық жазушы Мадлен Л’Энглдың «Трещина во времени» кітабының желісімен таспаланған. Сюжет бойынша, Мег Мурри есімді жасөсіпрім жоғалып кеткен әкесін іздеуге кіріседі. Нәтижесінде ол күтпеген,  ғажайыптарға толы тосын саяхатқа тап болады.

Ава Дюверней, режиссер:

- Бұл фильмдегі түрлі адамдамдарды көре аласыз. Ондағы кейіпкерлердің дүниетанымы, түр-келбеті әртүрлі. Әрқайсысы Соған қарамастан, олар бірге.

Ал, отандық көрермен фантастикаға толы лентаны 8-наурыздан бастап, үлкен экрандардан тамашалай алмақ!