Иглз назарына! «Найнти уандық» мемберлер адал жанкүйерлеріне сыйлық таратпақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

 НТК телеарнасы «Найнти уандық» мемберлермен бірлесе, көрермендерге сыйлықтар таратпақ. Ол үшін иглз, бар болғаны "91TV"  реалити-шоуын үзбей тамашалап жүрсе жетерлік. Ерекше ұтыс ойынының толық ережесімен тілшіміз таныстырсын!

Бүгіннен, яғни ақпанның 26-сынан бастап "91TV" реалити-шоуының көрсетілімі барысында, экранда 1-ден 9-ға дейінгі сандар пайда болады. Жеңімпаз атануға ниеттенген әрбір иглз, сол сандарды есте сақтап немесе параққа жазып алуы тиіс. Ал, әр апта соңында реалити-шоуда көрсетілген барлық сандардың қосындысын шығаруы керек.

Жасырын санды дұрыс тапқан әрбір көрермен, НТК арнасының сайтына тіркеліп, өз жауабын ең бірінші жазуы тиіс. Ол үшін, сайттағы "91TV" реалити-шоуының ұтысына арналған баннерді басып қалсаңыз жетерлік!

Мадина Дәулетқызы, тілші:

- Арнайы ұтыс ойынының жеңімпазы мынандай бас киім, су асты свитшоты, «Zak»пен «Alem»бейнеленген жеңіл жейделерді ұтып ала алады. Ол үшін иглз, "91TV" реалити шоуын үзбей тамашалап жүрсе жетерлік.

Апта сайын дұрыс жауапты таба білген ең зерделі көрерменге, арнайы сыйлық табысталмақ. Олай болса, 26-шы ақпаннан бастап сағат 23:00-де реалити-шоуды тамашалап, арнайы ұтыс ойынында бағыңызды сынап көріңіз!