Имидж өзгертуге отандық жұлдыздардың қайсысы қорықпайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде шоу-бизнес өкілдерінің имиджіне деген талап та күшейген. Жұрттың аңсары көбіне еркін және ерекше образдарға ауып келеді. Оны әртістер қауымы да аңғарса керек, түрлі эксперименттерге баруда. Дегенмен олар, халықтың көңілінен шыға алып жүр ме?

Қиық декальте, қызғылт шаш, еркін образ. Бұның бәрі шоу-бизнес өкілдерінің соңғы фотосессияларынан үзінді. Айсұлу Әзімбаева, Жәния Джуринская, Мақпал Исабекова мен Гүлназ Жолановалар осы топта. Дегенмен сылқымдар бұл образдарымен қала көшелерін аралауға әлі де дайын емес сияқты. Ал Сая Оразғалиеваның бұған айтар өз пікірі бар:

Сая Оразғалиева, актриса:

- Шынымды айтсам, ешқандай эксперименттен қорықпаймын. Глобалды өзгеріс те көріп тұрған жоқпын. Жасанды шаш. Бірақ, өзгеріп тұрған ұнайды. Өйткені, мамандығым соны талап етеді.

Қалың көпшілікке «Вузеры» телехикаясы арқылы танылған Сая Оразғалиева, «елдің пікірі мен үшін екінші орында» дегенді алға тартады. Актриса да, соңғы уақыттары имиджін жиі түрлендіріп, алуан жанрдағы фотосессиялар өткізетін болған.

Сая Оразғалиева, актриса:

- Өзімді түрлі образда көрген ұнайды. Халықтың қалай қабылдайтыны қызық болды. Көпшілігі жақсы қабылдаған сияқты. Сонда да, көбі сізді бұрыңғы қалпыңызда көргіміз келеді деп жатты. Өзіме де сол қарапайым қалпым көбірек ұнайды.

Батыстан жеткен бұл тенденция, біздің де шоу-бизнес өкілдеріне жаңа леп әкелері сөзсіз. Еркін образ бен шығармашылық кеңдікті күйттегендер үшін, ол күннің қашан туары белгісіз. Отандық жұлдыздар өз имидждарын түбегейлі өзгертуге әлі де асықпайтын сынды.