Атақ-абыройын оқырманымен өлшейтін жұлдыздар кім?!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Kids Choice Awards 2018» марапатына үміткерлердің ішінде, 112 миллион фолловері бар Бейонсе, 106 миллион жазылушысы бар Тейлор Свифт сынды атақты өнер майталмандары жүр.  Ал қазақстандық жұлдыздар парақшасындағы фоловверлер санын қалай жинады?

Анар Батырхан инстаграмдағы алғашқы миллионын жинау үшін, талай жылдар бойы тер төккен. Циркте клоун болып, кейін ақымақ Айнура офишлдың образымен ел көзіне түстім дейді ол. Өз атынан ашылатын жалған парақшалар мен сан-алуан жарнамадан актриса шаршағанын айтады. Жақында жасалған бір ұсыныс сылқымды тіптен шалқасынан түсірген. Аккаунтын сатуды өтінген біреулер.

Анар Батырхан, актриса:

- Миллионға дейін ұсынған. Яғни мен сол кезде санасыз бір адам болсам, миллион теңгені алып ап, отыра беруші едім мысалы.

Ал актриса Сая Оразғалиеваға, фолловерлерінің санын көбейтіп береміз деушілер жиі хабарласатын көрінеді.

Сая Оразғалиева, актриса:

- Маған 340 мың адам жазылған. Ешқашан жасанды жолмен оларды көбейткен емеспін. Көбісі неге сіздің оқырмандарыңыздың саны аз деп, сұрап жатады. Басқа әртістермен салыстырып. Ешкімді  ренжіткім келмейді әрине, бірақ кейбір әріптестерім айла, қулыққа барып көбейтетін сияқты.

-Менің ойымша Қазақстанда жүрген адамдардың 3,4 миллион, миллиондаған подписчиктерімен бір 100 мыңға да жетпейтін просмотрлары ол накрутка деп ойлаймын.

Ойын осылайша ашық айтқан Нағима да, оқырмандарды «жасанды көбейту» әдісіне жүгініп көрмегенін айтады. Тіпті осы тәсілге төселіп алған, инста-құмар достары да бар екен.

Нағима Ахметова, актриса:

- Менде парақшамда 460 мың болса, подписчиктердің қарайтын саны 1 миллионнан асады. Жалпы әрбір публикацияның астына, әр бейнебаянның астында кәдімгі просмотрлар көрінеді. Ол таза көрсетеді.

Десек те, лебізін лүпілмен, ойын оқырманымен, интеллектісін инстаграммен өлшейтін заман осы сияқты.