Нұртас Адамбай өзінен айнымайтындардың жұлдызын жақпақ па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұртас Адамбай инста-парақшасына мына бір бейтаныс бойжеткеннің суретін салып, «Сәбина келіннің сыңарын таптым» - деп, сүйінші сұраған. Әзілкештің мұндай фотоларды желіге бірінші рет жүктеуі емес. Өзіне ұқсайтын жандардың оған жиі кездесуі, тың идеяның тууына түрткі болса керек.

«Жүре берсең, көре бересің!» Бүгінде Нұртас пен кинодағы Сәбинадан айнымайтын қыз-жігіттердің санында шек жоқ!» - дейді әзілкеш.

Нұртас Адамбай, актер, режиссер:

- Маған - инстаграм, фейсбук, вконтакте желілері арқылы «Мен Нұртасқа ұқсаймын, менің келінім сіздің кинодағы сыңарыңыз сияқты» - деген хаттар жиі келеді. Кейбірін парақшама салып, оқырмандарымның көңілін көтеріп қоятыным бар.

Режиссер осы жылы «Сәбина келіннің» үшінші бөлімімен қатар, тағы да екі фильмді таспалауды жоспарлап отыр. Адамбай, өзінен айнымайтын қыз-жігіттерді кезекті картиналарында кәдеге жаратып жатса, таң қалмаңыз! 

Нұртас Адамбай, актер, режиссер:

- Егер, менің жас кезімді ойнайтын кейіпкер немесе «Сәбина келіннің» сіңілісін сомдайтындай сценарий жазылатын болса, неге түсірмеске? Менің ойымша маған ұқсайтын қыз-жігіттерге кастинг жарияласақ, мәселе туындамайтын сияқты. Сондықтан бұл идея жүзеге асса, комедияның қызықты боларына сенемін. 

Өнер иесі өзіне түрі ұқсас жандардың көпшілігін тек виртуалды әлемде көргенімен, өмірде де олармен жақынырақ танысуды жатырқамайды екен. 

Нұртас Адамбай, актер, режиссер:

- Бір жылы Шымкентке барғанымда өмірімде алғаш рет қатты шошығаным есімде. Өйткені мен өзімнен аумайтын адамды көрдім. Тіпті «осындай да ұқсастық болады екен-ау, бұл қалай сонда?» - деп, аң-таң болып бір орында тұрып қалғаным бар. Ол жігіттің түр-келбеті былай тұрсын, шаш қою үлгісі мен сөйлеу мәнері де менен айнымайды.   

Сондай-ақ, желіде Қайрат Нұртастың қылығын қайталайтындармен қатар, Баян Алагөзовадан айнымайтын арулар, Головкинге ұқсайтын жігіттер мен Димашқа түр-келбеті келетін бозбалалар да жетіп артылады.