Сахна мен саясат! Айқын халық қалаулысы болмақ па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әдетте тыңдармандарымен концертте ғана қауышатын Айқын, бұл жолы депутаттыққа үміткерлердің қатарында отыр. Халықтың көкейіндегі сауалдарды мұқият тыңдаған Төлепберген сахнаны саясатқа алмастырмақ па?!

Көшеде емес көк жәшікте жиі байқалатын Айқынды, қарапайым қарашамен кездесуде көргендер аң-таң! Әнші бұл жолы халық қалаулысы атануға ниет еткен досы әрі танымал бизнесмен Қайрат Құдайбергенді қолдай келген екен.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Біз халықтың көңілін көтеруге үйреніп қалған адамбыз. Ал бұл жерде адамдар саған сұрақтарды жаудырып жатыр. «Мынаны шешіңдер, ананы бүйтіңдер» - деп. Оған бас айналып кетеді екен кәдімгідей.

Қайрат Құдайберген, бизнесмен:

- Адамдардың нақты қандай мәселелері барын тыңдап, оларды шешу, олардың жанын түсініп, қобалжытқан мәселелерді естіп, кішкене өзін жайсыз сезініп отырда.

Мұндай саяси-бұқаралық кездесу Айқын үшін алғашқы рет орын алып отыр. Алдағы уақытта Қайрат Құдайберген депутат атанса, досын да атқамінерлер қатарынан көргісі келетінін жасырмады.     

Қайрат Құдайберген, бизнесмен:

- Айқын да келешекте бір депутат болса, олда жақсы болатын еді. Себебі өзі белсенді. Әрдайым көмектесуге дайын, нағыз қазақтың бір жігіті ғой.

Келешекте саясаттың сойылын соғып немесе депутаттық мандатты еншілеу Айқынның жоспарында жоқ. Төлепбергеннің бір ғана тілегі, өмірінің соңына дейін өнердің «қазанында қайнау».

Айқын Төлепберген, әнші:

-Кабинетте отыру менікі емес шығар. Себебі, бір жерде отыру бір уақыттан бір уақытқа дейін... Мәселелерді шешу менікі емес. Мен сол сахнаны жақсы білемін. Музыка өнеріне жақсы білемін. Жаңағы «музыкалық продюсер» болатын шығармын. Кейін енді көрерміз.