Голливудтық қай жұлдыз, билік тізгінін қолына алуға кіріскен?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық шоу-бизнес өкілдері саясаттың сойылын соғуға кірісіп жатқанда, Анджелина Джоли де елшілік қызметіне кірісуге дайындықты бастап кеткен. Саясатта бағымды сынаймын деген актриса, шынымен мансабынан бас тартпақ па? 

Жақында ғана «жұмысымды ауыстырамын және бұған Брэдтің мүлде қатысы жоқ» деген Анджелина Джоли, жаңа қызметіне кірісіп те кеткен. АҚШ-тағы босқындардың шаруасын күйттеп жүрген актриса, «енді фильмдерге түсуге уақыт табуым неғайбыл» деп отыр. Нью-Йоркте өткен сайлауда Анджиға 150 мыңға жуық адам дауыс берген екен. 60 пайыз басымдылықпен Джолиға осы лауазым бұйырып отыр. Оған жаңа бастамаларында сәттілік тілейміз!

 Соңғы 10 жылдықта біз Кира Найтлиді жаңа, тың туындылардан сирек көріп жүрдік. Есесіне актриса осы уақыт ішінде, Chanel шығатын әтірлердің бет-бейнесі болып келген. Сосо Eau de Parfum көктемдік хош иісінің таныстырылымына, Кира ашық ақ түсті көйлекпен келді және әтірдің презентациясындағы видеороликте ол өзін еркін, әрі қалықтаған құстай етіп көрсеткен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Кира берілген тапсырманы 100 пайызға алып шыққан.

Ева Лоногория жүктілігінің қалай өтіп жатқандығы жөнінде, алғаш рет сұқбат берді. 42 жастағы актриса құрсағындағы 6 айлық сәбиінің жүрек қағысын сезінген сайын, «бойым күш қуатқа толады, өзіме деген сенімім артып, тезірек бөбегімді құшағыма құшқым келеді» деген. Айта кетейік, Ева жары Хосе Антонионың бұрынғы некесінен қалған үш бірдей баласын тәрбиелеп отыр.